Жаңалықтар

Түркістан облысында жүзім шаруашылығын дамыту жолдары талқыланды

Түркістан облысында жүзім шаруашылығын дамыту жолдары талқыланды
Фото: ТО әкімінің баспасөз қызметі 04.01.2024 03:25 509

Түркістан облысында өзбекстандық компания өкілдерімен өткен кездесуде жүзім шаруашылығын дамыту жолдары талқыланды, деп хабарлайды El.kz

Аймақ басшысы Дархан Сатыбалды инвесторлармен кездесіп, өзбекстандық «INVEST IN HAYOT» компаниясының басшылығына өңірдегі инвестициялық жобаларды таныстырды. Сонымен қатар шетелдік ірі компаниямен жаңа іскерлік байланыстар орнатып, өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға әрдайым ашық екенін жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өзбекстандық компания агро-логистикамен айналысады. Жаңа піскен көкөністер мен жемістерді сақтау мен экспорттауда озық технологияларды енгізуде алдыңғы қатарда. Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Үндістан, Ливан, Египет, Германия, Қырғызстан, Грузия елдерімен белсенді жұмыс жүргізеді. Жүзімнің сан алуан түрі  мен өзге де жеміс-жидек, көкөністерді шетелге экспорттауда агроконсалтинг қызметтерін көрсетеді. 

Түркістан облысында жүзім шаруашылығын дамыту жолдары талқыланды
ТО әкімінің баспасөз қызметі

Кездесуде компания басшыларымен жүзімнің көптеген түрін өсіретін заманауи тұқымбақ пен зертханасын құру жайлы талқыланды. Шаруа қожалықтарына жоғары табысты жүзім сорттарын жеткізуді ұйымдастыру, экспорттау жобалары туралы айтылды.

Оқи отырыңыз:

Жер мен су ресурстарын тиімді пайдалану, бау-бақша мен жүзімдіктерді құру және интенсивті көкөніс шаруашылығын жолға қою арқылы өнімділікті арттыру мәселелері, ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандыруға және экспорттық әлеуетті арттыруға бағытталған жоспарлар ортаға салынды. 

Кездесу соңында Түркістан облысының басшысы өңірдің кешенді даму жоспарында инвесторлар тарту, оларға қолайлы жағдай жасау мәселесіне айрықша назар аударылғанын атап өтті.

Жергілікті билік бірлескен жобаларды қолдауға дайын екендігін айтып, бірлесіп шаралар жүргізуге қатысты жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға