Жаңалықтар

Түркістандағы жылыжай шаруашылықтарына 565 млн теңгеге субсидия төленді

Түркістандағы жылыжай шаруашылықтарына 565 млн теңгеге субсидия төленді
Фото: gov.kz 25.12.2023 07:30 561

Түркістан – жылыжай шаруашылығын дамытуда еліміздегі ең ірі өңір, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен осы саланы дамытуға қолдау көрсетілуде. Жылыжай шаруашылығымен айналысатын азаматтармен кенздесулер өткізіліп, мәселелері тыңдалып, жүйелі шешімдер қабылданды. Жылыжай шаруашылықтарын қолдау бойынша облыстық бюджеттен 565 млн. теңгеге 100-ден астам шаруаға субсидия төленді.

Облыста 1 640 гектарды құрайтын 3 366 бірлік жылыжай бар. Оның ішінде 87,2 гектары – өнеркәсіптік жылыжай. Биыл жылыжайларда 681,5 гектарға қияр, 792,8 гектарға қызанақ, 154,6 гектарға басқа дақылдар (болгар бұрышы, қырыққабат, құлпынай т.б.) және 4,4 гектарға көшет, 3,6 гектарға лимон, 3,1 гектарға гүл егілді.

Жылыжай шаруашылықтарынан 140,0 мың тонна өнім жиналды. Қазіргі таңда, 2024 жылдың бірінші айналымына көшет отырғызу жұмыстары атқарылуда. Жылыжай иелері мен жылыжай салуға ниеттеніп отырған азаматтарды қуантқан тағы бір жаңалық – 2024 жылдан бастап Түркістан облысының жылыжай шаруашылықтарына қосымша 150 мың тонна Шұбаркөл көмірінің жеткізілетіндігі.

Жылыжай шарушылықтарын бір орталықтан көмір отынымен қамтамасыз ету үшін арнайы мекеме құрылып («Түркістан Ресурс» ЖШС), көмір өндіруші «Шұбаркөл көмір» АҚ-нан тікелей қаңтар айынан бастап 150 мың тонна көмір отынын тасымалдау келісілді.

Бүгінгі таңда, жылыжай шаруашылықтары нарықтан 97,6 мың тонна көмір отынын сатып алып, пайдалануда.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қолдаудың қосымша шарасы ретінде жылыжай шаруашылықтарына энергия ресурстарына арналған шығыстарды субсидиялау туралы шешімді Үкімет 2023 жылдың басында Түркістан облысының фермерлері қалың қардан зардап шеккен кезде қабылдаған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға