Жаңалықтар

Түркістан облысында тұтынушыларға 44 млн-нан астам теңге қайтарылды

Түркістан облысында тұтынушыларға 44 млн-нан астам теңге қайтарылды
Фото: ©El.kz/Арман МҰҚАТОВ 13.01.2024 08:45 745

Түркістан облысында өткен жылы тұтынушыларға 44 млн-нан астам теңге қайтарылды. Жалпы облыс бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне былтыр 1535 өтініш келіп түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Келіп түскен өтініштердің 324-і жазбаша, 17-сі Telegram арқылы болса, жеке қабылдаулардан – 520, жедел желі бойынша 674 шағым жолданған. Атап айтсақ, бөлшек сауда қызметтері – 1461  (сұрақтар сапасыз қызмет көрсетуге, бағаның сәйкес келмеуіне, тауарды айырбастаудан және қайтарудан бас тартуға қатысты), ТКШ қызметтері – 69  (сұрақтар сумен, жылумен, газбен жабдықтауға қатысты). Департамент құзыретімен қаралып қанағаттандырылғаны – 1447 өтініш, түсіндірілгені – 14, басқа мемлекеттік органдарға қайта жолданғаны – 74  өтініш.

Оқи отырыңыз: 

Облыс әкімідігінің хабарлауынша, департамент қабылдаған шаралар нәтижесінде 105 кәсіпкерлік субъектісіне жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, ескертулер берілген. Нәтижесінде облыс тұрғындарына 44 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды. Департамент халықтың шағымдарын мұқият талдайды және оларға мемлекеттік органдар тарапынан жедел әрекет етеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға