Жаңалықтар

Кәсіпкерлік қызмет жаңадан реттеледі

Кәсіпкерлік қызмет жаңадан реттеледі
Фото: © Pixabay.com 27.12.2023 12:57 703

Мәжіліс кәсіпкерлік мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Заң жобасы кәсіпкерлік белсенділікті арттыру мақсатында әзірленіп, 10 кодекс пен 109 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Құжатты әзірлеу барысында депутаттар өңдеуші кәсіпорындарды отандық шикізатпен қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемеақысы мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды күшейту, қалаларда атмосфералық ауаны қорғауды мемлекеттік реттеудің қосымша құралдарын енгізу, өңірлерде қалдықтармен жұмыс істеу қызметін реттеу және ұйымдастыру жөніндегі өзгерістер енгізді.

Бизнесті бақылаушы және қадағалаушы органдар тарапынан заңсыз араласудан қорғау мақсатында тергеп-тексерулер жүргізу рәсімі регламенттеледі. Сауда базарларын жаңғырту мерзімдерін ұзарту, яғни мерзімді 2023 жылғы 1 қаңтардан 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ауыстыру ұсынылады. Бұл заң алдында екі рет ұзартылған. Бұл мәселе бойынша тұтынушылар мен сауда нүктелерінде жұмыс істейтін қарапайым адамдардың мүдделерін қорғау жөнінде депутаттар арасында қызу талқылау өтті. Осы қолайсыз жағдайдың туындағаны мемлекеттік органдар мен уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың өз жұмысына немқұрайлықпен қарағандығының көрсеткіші. Мерзімдердің ұзартылуына байланысты биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында сауда базарларын жаңғырту бойынша Мәжілістің арнайы отырысын өткізуді ұсынамын, - деді Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Болатбек Нажметдинұлы.

Сонымен қатар әкімшілік кедергілер мен артық талаптарды қысқарту мақсатымен кәсіпкерлік қызметті жаңадан реттеу енгізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға