Жаңалықтар

Түркістан облысында құдыққа құлаған қыз көз жұмды

Түркістан облысында құдыққа құлаған қыз көз жұмды
Фото: Видеодан кадр 19.03.2024 09:20 1073

Түркістанда 29 жастағы қыз құдықтың құбырына құлап кеткен еді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Құтқарушылар оны бірнеше сағаттан кейін құдықтан шығарғанмен, келіншек көп ұзамай көз жұмды.

Куәгердің айтуынша, азаматша өз-өзіне қол жұмсау мақсатында құдыққа түскен және алкоголді мас күйде болған. Құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар департаменті, жедел жәрдемнің, полицияның 31 адамы және 5 техникасы жұмылдырылған еді.

Қызды құтқару үшін 40 метр тереңдікте ауа болмаған соң, құтқарушылар арнайы құрылғымен оттегі жіберген. Қызды алып шыққан соң бірнеше минуттан кейін оның көз жұмғаны белгілі болды.

Айта кетейік, бұған дейін 29 жастағы қыздың құдыққа құлап кеткенін хабарлаған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға