Жаңалықтар

Түркістанда 29 жастағы қыз құдыққа құлап кетті

Түркістанда 29 жастағы қыз құдыққа құлап кетті
Фото: Видеодан кадр 18.03.2024 17:30 2960

Түркістанда 29 жастағы қыз құдықтың құбырына құлап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігі қызды құтқаруға 31 адам жұмылдырылғанын айтты.

Бүгін сағат 09:18-де 1994 жылы туған азаматшаның Түркістан облысы Майтөбе ауылының маңындағы ашық алаңда орналасқан дренаждық құдыққа құлағаны туралы хабар келіп түсті. Сағат 12:06-да жергілікті тұрғын құдыққа түсіріліп, 12:14-те қызды құдықтан ес-түссіз күйде шығарып алды, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Куәгердің айтуынша, азаматша өз-өзіне қол жұмсау мақсатында құдыққа түскен және алкоголді мас күйде болған.

Құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар департаменті, жедел жәрдемнің, полицияның 31 адамы және 5 техникасы жұмылдырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға