Жаңалықтар

Түркістан облысында дауылды ескерту жарияланды

Өңірде тұман түсіп, бұрқасын соғады деп күтілуде
Түркістан облысында дауылды ескерту жарияланды
Фото: aimak.com.kz 09.12.2022 08:25 2469

Түркістан облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап.

9 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда тұман түсіп, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз таулы аймақтарда жел екпіні 15-20 м/с болады, - делінген синоптиктер таратқан хабарламада.

Бұған дейін 8 желтоқсанда 3 облыста дауылды ескерту жарияланып, ал Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болатыны айтылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға