Жаңалықтар

Қазгидромет: 3 облыста ескерту жарияланды

Оған ауа райының қолайсыздығы себеп болған
Қазгидромет: 3 облыста ескерту жарияланды
Фото: 24.kz 08.12.2022 08:19 2737

Күн райының қолайсыздығына байланысты еліміздің үш облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

8 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.

8 желтоқсан күні күндіз, 9 желтоқсан күні түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауады. 8-9 желтоқсанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысады, таулы аудандарында 15-20 м/с болады.

8-9 желтоқсанда Тараз қаласында кей уақытта тұман түседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға