Тұман түсіп, үсік жүреді: 12 қазанға арналған ауа райы болжамы

Тұман түсіп, үсік жүреді: 12 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: Қазгидромет орталығы

Қазгидромет орталығының мәліметінше, бүгін тұман түсіп, үсік жүреді. Ауа температурасы күндіз +15...+17°C аралығында болады.  

Астанада күн ала бұлтты болып, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр болады. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +15...+17°C аралығында болады. Алматыда күн ала бұлтты болып, күндіз жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +17...+19°C болады.

Шымкентте күн ала бұлтты болып, жауын-шашын жаумайды. Желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр болады. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +24...+26°C аралығында күтіледі. 

12 қазан күні еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланған. Атап айтқанда, Қарағанды облысы, Ұлытау облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылорда облысы, Абай облысы, Маңғыстау облысында тұман түсіп, жел соғады. 

 

Оқи отырыңыз