«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді

«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді
Фото: Ақбаян Аңсардың жеке мұрағаты/Al

Шымкенттік Жандосовтар әулетінде Төрехан дүниеге келді. Сәбидің әкесі Ернар 24 қыркүйек күні түнде Төрехан Сабырханның жекпе-жегін көргеннен кейін сүйінші хабарды естиді. Көп ойланбастан әкесі ұлына 70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жүрген боксшының есімін береді. 

Сәби 25 қыркүйек күні дүниеге келген. Төрехан Ернарұлы – отбасындағы кенже ұл. Кәсіпкер Ернар Ақботаұлы мен кондитер Ақбаян Аңсардың жеті баласы бар. Олар 2010 жылы отбасын құрған. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ХЛЕБ НА ЗАКВАСКЕ | КРУАССАНЫ | ОБУЧЕНИЕ онл/офф (@akbayan_ansar)

Жолдасым бокс пен дзюдо спортының жанкүйері. Жетінші перзентіміз ұл болатынын естігеннен бері атын Төрехан қоюды жоспарлап жүрді. Мен 24 қыркүйек күні түнде толғатып, таң қылаң бере босандым. Әкесінің айтуынша, сол күні Төрехан Сабырхан Азиада ойындарын сәтті бастап, алғашқы қарсыласын жеңіпті. Бірден қоңырау шалып, есімі Төрехан болатынын хабарлады, – дейді Ақбаян Аңсар. 

Көпбалалы ата-ана – тәуелсіздіктің төл құрдасы. Олар бес қыз бен екі ұлды тәрбиелеп отыр. Шымкенттік отбасының қуанышына боксшының өзі де лебізін білдіріп, кішкентай Төреханға тілегін айтты.

фото: Ақбаян Аңсардың жеке мұрағаты
фото: Ақбаян Аңсардың жеке мұрағаты

Бауы берік болсын! Ер болып ержетіп, елге қорған, жұртқа мақтаныш болсын. Қзаақтың атын әлемге танытатын батыр азамат болсын! – деді Төрехан Сабырхан. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ХЛЕБ НА ЗАКВАСКЕ | КРУАССАНЫ | ОБУЧЕНИЕ онл/офф (@akbayan_ansar)

Айта кетерлігі, Ақбаян Аңсар табиғи ашытқыдан нан пісіріп, соның қыр-сырын түсіндіріп блог жүргізеді. Осы салада еңбек етіп келе жатқанына 8 жыл болған. Ол салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтануды қолдайтындар табиғи ашытқы қосып пісірген нанның құнарын білетінін айтады. 

Оқи отырыңыз