Жаңалықтар

Туған күн кешіне жиналған жасөспірімдерді өлтіріп кетті

28.05.2025 09:39 8618
Туған күн кешіне жиналған жасөспірімдерді өлтіріп кетті

Иркутск облысының Байкал қаласындағы «Таулы Байкал» бау-бақша серіктестігінде туған күнді атап өткен төрт жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Тергеу мәліметінше, жастар тобы жеке үйде жиналған кезде, белгісіз біреу пышақпен шабуыл жасаған. Соның салдарынан төрт жасөспірім оқиға орнында көз жұмып, тағы төртеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Күдікті шабуылдан кейін үйді өртеп жіберген. Өрт салдарынан ол да қаза болды.

Оқи отырыңыздар:

Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатыр. Екі және одан да көп адамды өлтіру, сондай-ақ екі және одан да көп адамды өлтіруге оқталу баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға