Иранның оңтүстігіндегі Шираз қаласында орналасқан 102-ші қылмыстық соттың судьясы Эхсан Багериді белгісіз екі адам атып кетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы «Еркін Иран» Telegram-арнасы мәлімдеді.
Фарс провинциясының сот төрағасының айтуынша, 38 жастағы судья бүгін таңертең жұмысқа бара жатқанда үйінің жанында қаза тапқан. «Қылмыс суық қарудың көмегімен жасалған», – деді ол.
Қазір жергілікті қауіпсіздік және барлау органдары қылмыскерлерді анықтап жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыда жасырын есірткі зертханасы жойылды
Келесі жаңалық
Астанада дрондар шоуы өтті