Жаңалықтар

Трампқа 561 жыл түрмеге тоғытылу қаупі төніп тұр

Трампқа 561 жыл түрмеге тоғытылу қаупі төніп тұр
Фото: instagram.com/realdonaldtrump 03.08.2023 12:44 761

АҚШ-тың бұрынғы президенті Доналд Трампқа 561 жыл түрмеге тоғытылу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Трамптың өзі мәлімдеді. Оған қазір үш қылмыстық іс бойынша айып тағылып отыр.

Оқи отырыңыз:

«Қисық Джоның жемқорлық былығына әбден батқан Әділет министрлігі тағы да маған заңсыз айып тағып отыр. Қолда бар мәлімет бойынша, мені 561 жыл түрмеде отыру жазасы күтіп тұр.  Бұл алты адамның өмірі. Біреуді алты рет өмір бойына бостандығынан айыруды қалайтын адамның қорқақ екенін аңғартса керек, - деді Трамп.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға