Жаңалықтар

Коста-Рикада қолтырауын футболшыны жеп қойды

Коста-Рикада қолтырауын футболшыны жеп қойды
Фото: © News.com 03.08.2023 10:02 1371

Өзенде шомылып жатқан футболшы Хесус Альберто Лопес Ортисті қолтырауын жеп қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға сенбі күні Коста-Риканың Гуанакасте провинциясында болған. The Sun мәліметінше, оның жасы 29-да болған.

Желіде екі видео тараған: бірінде қолтырауынның құрбанын сүйреп бара жатқаны, екіншісінде жыртқыштың өлтірілгені көрсетілген. Қолтырауынды жергілікті полиция қызметкерлері атып өлтірген.

Марқұм жергілікті «Депортиво Рио Каньяс» клубында ойнаған. Оның артында екі кішкентай баласы қалған.

Британ энциклопедиясында жазылғандай, әлемдегі 23 түрлі қолтырауынның жартысына жуығы адамдар үшін қауіпті саналады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға