Жаңалықтар

Тоқаев қажылыққа барған қазақстандықтарды алдаған туристік компанияны жазалауды талап етті

Тоқаев қажылыққа барған қазақстандықтарды алдаған туристік компанияны жазалауды талап етті
Фото: Akorda.kz 30.06.2023 12:19 854

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісін өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент Ішкі істер министрлігі мемлекеттік басқару жүйесінде айрықша рөл атқаратын құрылым екенін және қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күресу аса маңызды міндет екенін айтты. 

Оқи отырыңыз:

Мемлекет басшысы жиын барысында алаяқтық мәселесіне тоқталды. Президент қазақстандықтарды қажылыққа жіберген туристік компания ұйымдастырушылары жазаға тартылуы керектігін алға тартты. Ал Сауд Арабиясында түрмеде отырған жерлестерімізге СІМ көмектесетін болды. 

Жақында бір туристік компания заңға бағынатын бір топ азаматты алдап, оларды қажылыққа жіберген. Енді кінәсіз адамдар Сауд Арабиясының полиция учаскесінде қамауда отыруға мәжбүр. Осындай алаяқ компанияның заңға қайшы әрекеті азаматтарымыздың денсаулығына, олардың моральдық жағдайына және жалпы еліміздің беделіне үлкен нұқсан келтіріп отыр. Бұл жерде, әрине, адамдардың құқықтық сауатсыздығы да бар.

Енді, мемлекетіміз, яғни Сыртқы істер министрлігі оларға барынша көмектесуі қажет. Ал Ішкі істер министрлігі алаяқ компанияның басшылығын, қызметкерлерін заңға сәйкес жауапқа тартуға тиіс. Әділетті қоғам құрамыз десек, дәл осындай өзекті мәселелерді шешуіміз керек, - деді Президент.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға