Жаңалықтар

Тоқаев Қазанда Миннихановпен кездесті

Тоқаев Қазанда Миннихановпен кездесті
Фото: Ақорда 21.02.2024 21:22 965

Қазақстан президенті «Болашақтың ойындары» мультиспортты халықаралық турнирінің ашылу салтанатына қатысу үшін «Қазан Экспо» көрме орталығына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Мемлекет басшысын Татарстан президенті Рустам Минниханов қарсы алды.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өтетін «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысу үшін Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барғанын жазғанбыз.

Аталған іс-шараға Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері, сондай-ақ басқа да бірқатар мемлекеттің өкілдері қатысып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға