Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазан қаласына барды
Фото: t.me/aqorda_resmi 21.02.2024 17:52 736

Қазақстан Президенті Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сапар аясында Мемлекет басшысы «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысады, сондай-ақ бірқатар кездесу өткізеді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21 ақпан күні Қазан қаласында өтетін «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысу үшін Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен баратынын жазған едік.

Аталған іс-шараға Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері, сондай-ақ басқа да бірқатар мемлекеттің өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға