Жаңалықтар

Тоқаев король ІІІ Чарльздің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді

Тоқаев король ІІІ Чарльздің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді
Фото: t.me/aqorda_resmi 06.02.2024 22:02 779

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльздің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, жеделхат жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, Ұлыбритания королі III Чарльзден қатерлі ісік табылды. 5 ақпан күні Букингем сарайы ресми мәлімдеме жасады. Өткен айда III Чарльз ұлғайған простата безін түзету үшін Лондондағы ауруханаға барған. Сол жерде одан онкология анықталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға