Жаңалықтар

Ұлыбритания королі қатерлі ісікке шалдықты

Ұлыбритания королі қатерлі ісікке шалдықты
Фото: The Royal Family 06.02.2024 12:30 867

Ұлыбритания королі III Чарльзден қатерлі ісік табылды. 5 ақпан күні Букингем сарайы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен айда III Чарльз ұлғайған простата безін түзету үшін Лондондағы ауруханаға барған. Сол жерде одан онкология анықталған. 

"Қатерлі ісік формасын" анықтаған анализдер жүргізілді. Ұлы мәртебелім, бүгін жүйелі ем кестесіне көшті. Оған дәрігерлер қоғамдық міндеттерді кейінге қалдыруға кеңес берді. Бірақ Ұлы мәртебелім мемлекеттік істермен және ресми құжаттамалармен айналысуды үйреншікті режимде жалғастырады, - делінген хабарламада.

Ұлыбритания королі қауесеттердің алдын алу үшін және әлем бойынша осы ауруға шалдыққандарға қандай да бір қолдау беру мақсатында өз диагнозымен бөлісуді жөн көрген.

Чарльз III 1948 жылы дүниеге келген. 3 жасында тақ мұрагері атанды. Анасы Элизабет 2022 жылы 8 қыркүйекте қайтыс болғанна кейін Чарльз патша болды. Салтанатты таққа отыру рәсімі 2023 жылдың 6 мамырында өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға