Жаңалықтар

Тоқаев Ердоғанды Түркия президенті болып сайлануымен құттықтады

Тоқаев Ердоғанды Түркия президенті болып сайлануымен құттықтады
03.06.2023 22:00 541

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде Режеп Тайып Ердоғанды Түркия президенті болып сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ұлықтау рәсіміне арнайы келгені үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Бұған дейін Режеп Тайып Ердоғанның ант қабылдау рәсімі Түркияның Ұлы ұлттық жиналысында (парламент) өткенін хабарлағанбыз.

Алдымен ол өзінің мандатын елдің парламентінің уақытша төрағасы Девлет Бахчелиден алып, сосын ант қабылдады. Енді ол президенттік лауазымда 2028 жылға дейін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға