Жаңалықтар

Теміржолшылардың айлығы көтеріле ме? ҚТЖ өкілі жауап берді

Теміржолшылардың айлығы көтеріле ме? ҚТЖ өкілі жауап берді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 21.11.2023 13:15 1370

Баспасөз мәслихатында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев теміржолшылардың арыз-шағымына байланысты БАҚ қойған сауалына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Компанияда 100 мың адамнан көп істейді. Оларды бір мың теңгеге көтерсек, әжептәуір болады. Әр «премия» ол өте керек ақша. Соңғы уақытта 241 миллиард теңге қаржыға жалақыны көтеру үшін біз ұсыныс жібердік. Үш жылдың ішінде теміржолшылардың жалақысы екі есе көтерілді. Қазір олардың жоғарғы жалақысы – 430 мың. Ал ең төменгі айлық – 160 мың, - деді ол.

Айта кетейік, Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында еліміздегі пойыз билетінің орташа бағасын айтқанын жазған едік.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға