Жаңалықтар

Қазақстанда пойыз билеттері 8 мың теңге - министр

Қазақстанда пойыз билеттері 8 мың теңге - министр
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 21.11.2023 11:10 808

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында еліміздегі пойыз билетінің орташа бағасын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Республикада 66 облысаралық маршрут қатынайды. Осы бағыттарда 13 тасымалдаушы компания қызмет көрсетеді. Соның ішінде "Қазақстан темір жолы" және 12 жекеменшік компания бар. Бүгінде жолаушыларды тасымалдау саласы республикалық бюджеттен субсидияланады.Бұл шаралар халықтың барлық тобы үшін жол жүру құжаттарының қолжетімді бағасын ұстап тұруға бағытталған. Қазіргі таңда билет бағасының орташа құны 8 мың теңгені құрайды, - деді Марат Қарабаев.
Оның айтуынша, жолаушылар вагондарының жалпы саны 2 мың 567 бірлікке жеткен. Бірақ әлі де 300 вагон қажет.Осыған байланысты жаңа заманауи жолаушылар вагондарын сатып алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Осы жылы 162 бірлік жаңа вагон сатып алынды. Оның ішінде 76 вагон пайдалануға берілді, 24 вагон жыл соңына дейін беріледі.Ал келесі жылдың бірінші жартыжылдығында қалған 62 вагон жеткізіледі. Оның басым бөлігін Петропавл қаласындағы вагон шығару зауыты өндіреді, -деді министр.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға