Жаңалықтар

Тәжікстан СІМ Ресейдегі терактіге өз азаматтарының қатысы бар деген ақпаратқа пікір білдірді

Тәжікстан СІМ Ресейдегі терактіге өз азаматтарының қатысы бар деген ақпаратқа пікір білдірді
Фото: Тәжікстан СІМ 23.03.2024 13:03 2257

Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі Ресейдегі терактілік әрекетке өз азаматтарының қатысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ведомствоның желі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ондағы мәліметке сүйенсек, Тәжікстан тарапы Ресей билігінен терактілік әрекетке тәжік азаматтарының қатысы бар деген ресми ақпарат алмаған.

Осыған байланысты ресейлік мемлекеттік органдар таратқан ресми ақпаратқа сүйенулеріңізді сұраймыз.

Тексерілмеген және сенімсіз ақпаратты тарату қазіргі уақытта елден тыс жерде жүрген Тәжікстан азаматтарына зиян тигізетінін есте ұстаған жөн» делінген хабарламада.

Еске салсақ, 22 наурызда Мәскеудегі Crocus City Hall концерт залында қаруланған белгісіз топ атыс ұйымдастырып, теракт болды.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға