Жаңалықтар

Мәскеудегі «Крокус Сити холл» кешенінде атыс болды

Мәскеудегі  «Крокус Сити холл» кешенінде атыс болды
Фото: Бейнежазбадан скриншот 22.03.2024 23:48 594

Мәскеу іргесіндегі Красногорск қаласындағы «Крокус Сити холл» кешенінде белгісіз топ атыс ұйымдастырып, бірнеше адам қаза тапты, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

 Қазіргі уақытта нысандағы адамдар қауіпсіз жерге шығарылып жатыр. 

Белгісіз біреулер «Крокус Сити холл» ғимаратының ішінде атыс жасады. Қазір оқиға кезінде іште болған адамдар сыртқа шығарылып жатыр», - деп жазылған ресми хабарламада.

Белгілі болған жағдай бойынша бірнеше адам іште автоматтан оқ жаудырған. Бұл уақытта бұл кезде «Крокус Сити холл» кешенінде  «Пикник» тобының концерті басталуы тиіс болған. 

ТАСС агенттігіне оқиға куәгерлері атыстан зардап шеккендер мен жараланғандар бар екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, оқиға орнына мәскеулік Арнайы жедел әрекет ету отряды мен арнайы жасақ және өрт сөндірушілер келген. 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға