Жаңалықтар

Таразда рөлге ие бола алмаған қоғамдық автобус жүргізушісі үш көлікті соқты

Таразда рөлге ие бола алмаған қоғамдық автобус жүргізушісі үш көлікті соқты
Фото: Видеодан кадр 05.03.2024 23:03 390

Таразда жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, үш көлікті соқты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға бүгін, 5 наурызда болған. Полиция хабарлауынша, Абай даңғылынан Фурманов көшесі бағытына кетіп бара жатқан жолаушылар тасымалдайтын автобус жүргізушісі бір бағытта келе жатқан «Nissan 350Z», «Kia Rio» маркалы автокөліктерін соғып өтіп, мектептің автотұрағында тұрған «Toyota Highlander» көлігін соққан.

Автотұрақта тұрған көлік жүргізушісі мен қоғамдық көліктің үш жолаушысы зардап шекті. Қаза тапқандар мен ауыр жарақат алғандар жоқ.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жамбыл Облысының Полиция Департаменті (@zhambyl_police)

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға