Жаңалықтар

Алматыда жолаушылар мінген автобус бетон тірекке соғылды

Алматыда жолаушылар мінген автобус бетон тірекке соғылды
Фото: © El.kz 05.03.2024 11:25 2407

Алматыда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Жол-көлік апаты бүгін, 5 наурызда сағат таңғы 6:45-те Сүйінбай мен Шолохов көшелерінің қиылысында болған.

Жеке тасымалдаушы компанияға тиесілі қоғамдық көліктің жүргізушісі, 1966 жылы туған азамат Сүйінбай даңғылымен солтүстік бағытта келе жатып, Шолохов көшесімен бұрылыста рульге ие бола алмай, кедергіге, атап айтқанда, көпірдің бетон тірегіне соғылған, - делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан автобустың төрт жолаушысы жарақат алып, медициналық көмек алған.

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға