Жаңалықтар

Танымал спортшы жаңа қызметке тағайындалды

Танымал спортшы жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі 05.03.2024 14:42 481

ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі болды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысы әкімінің спортты дамыту жөніндегі кеңесшісі (штаттан тыс) болып тағайындалды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ақжүрек Таңатаров еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері атанған еді.

Соңғы кездері спортшылар лауазымды қызметтерге тағайындала бастады. Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Василий Левит келген еді. Ал боксшы Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетін басқарады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға