Жаңалықтар

Танымал боксшы Астана қаласының спортын басқарады

Танымал боксшы Астана қаласының спортын басқарады
Фото: Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы 29.02.2024 13:47 960

Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Василий Левит тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Василий Алексеевич Левит 1988 жылы Қостанай облысында туған.

Левит – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, екі олимпиада ойындарының қатысушысы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері, бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

2022 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.

Айта кетейік, бір кездері елорда спортын басқарған Самат Ерғалиев ұсталғанын жазғанбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға