Жаңалықтар

Таңертең қарт болып оянамыз: ұйқысыздық миға қалай әсер етеді

Таңертең қарт болып оянамыз: ұйқысыздық миға қалай әсер етеді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 02.06.2023 13:50 377

Германияда халықаралық нейробиологтар командасы Юлих зерттеу орталығының басшылығымен ұйқысыздық ми жұмысына қалай әсер ететінін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нәтиже көрсеткендей, ұйқысыз өткен бір түн 1-2 жыл қартаюмен тең құрылымдық өзгерістерге әкеледі. Ғалымдар мұны кері қайтаруға бола ма және үнемі ұйқысы қанбаудың салдары қандай болады деген сауалдарға да жауап іздеп көрді.

Экспериментке 134 адам қатысты, зерттеушілер қатысушының жасын МРТ арқылы, яғни тін мен сұйықтық көлемі бойынша анықтаған. Бір ұйқысыз түн миға 1-2 жыл қартаюмен тең өзгерістер әкеледі екен.

Қуантарлығы, ұйқысы қанған адам бұл өзгерістерден құтыла алады екен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға