Жаңалықтар

«Странджа» кубогінде қазақстандық Оразбек Асылқұлов ширек финалға шықты

«Странджа» кубогінде қазақстандық Оразбек Асылқұлов ширек финалға шықты
Фото: sports.kz 23.02.2023 18:45 1200

Бокстан Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан «Странджа» кубогінде қазақстандық Оразбек Асылқұлов ширек финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кіші әлем чемпионатында О.Асылқұлов 57 келіге дейінгі салмақта екінші кездесуін бразилиялық Луис Оливейрамен өткізді.

Л.Оливейра алғашқы жекпе-жегінде әлем чемпионы, америкалық Джамал Харвиді ұтып кеткен еді.

Бұл жолы 1/8 финалдық кездесу қазақстандық боксшының басымдылығымен өтті. Төрешілер жеңісті Оразбекке берді, есеп – 3:0.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бокстан «Страндж» турнирінде Оразбек Асылқұлов келесі кезеңге өткендігін хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға