Жаңалықтар

Бокстан «Страндж» турнирінде Оразбек Асылқұлов келесі кезеңге өтті

Бокстан «Страндж» турнирінде Оразбек Асылқұлов келесі кезеңге өтті
Фото: sports.kz 21.02.2023 18:23 618

Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов Болгарияның София қаласында өтіп жатқан «Страндж» халықаралық турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

1/16 финалда 57 келіге дейінгі салмақтағы О.Асылқұлов ирландиялық Джуд Галлахермен жұдырықтасып, төрешілердің әртүрлі шешімімен жеңіске жетті. Айта кетейік, бірінші раундта төрешілердің басым бөлігі жеңісті Ирландия боксшысына берді.
Осылайша, Оразбек Асылқұлов жарыстың келесі кезеңіне өтіп, онда Луис Оливейра (Бразилия) - Джамал Харви (АҚШ) жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесетін болады.
Асылқұлов 2021 жылы Қазақстан чемпионы атанған. «Страндждағы» алғашқы қарсыласы Джуд Галлахер - Ирландия чемпионы, ол Достастық ойындарының алтын және жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға