Жаңалықтар

СҚО-да гараж өртеніп, 2 адам ауруханаға жатқызылды

СҚО-да гараж өртеніп, 2 адам ауруханаға жатқызылды
Фото: © Pixabay.com 24.02.2024 01:00 652

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Талшық ауылында жеке тұрған гараж өртке оранды. Оқиға 23 ақпан сағат 22.21-болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызыл жалын 40 шаршы метр аумақты шарпыған. Екі ер адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.

ТЖМ хабарлауынша, өрт сағат 22.53-те оқшауланып, сағат 23.22-де сөндірілді. Оқиға орнына облыстық ТЖД жеке құрамынан 5 адам мен 2 техника жұмылдырылған.

Қазіргі таңда өрттің себебі анықталуда.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға