Жаңалықтар

Астанада көпқабатты тұрғын үйдегі пәтер өртенді

Астанада көпқабатты тұрғын үйдегі пәтер өртенді
Фото: ТЖМ 22.02.2024 22:02 506

Астанада Мұхамеджанов көшесі бойындағы көпқабатты тұғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шықты. Оқиға 12-қабатта болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтеншеліктерге сағат 21.30-да өрт туралы хабарлама келіп түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетіп, 12-қабаттағы пәтердің терезесінен ашық жануы, ас үйде және балконда тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып жатқаны анықталған.

Қызыл жалын сағат 21.51-де ауыздықталып, 21.55-те толықтай сөндірілді. Оны сөндіруге қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 24 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Қазіргі таңда өрт аумағы анықталуда.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға