Жаңалықтар

Алматыда «времянка» өртеніп, екі адам қайтыс болды

Алматыда «времянка» өртеніп, екі адам қайтыс болды
Фото: © Pixabay.com 20.02.2024 22:21 521

Алматыдағы жеке тұрғын үйдің аумағында орналасқан уақытша баспанада өрт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖД құтқарушылары оқиға орнында екі адамның денесін анықтады.

Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, оқиға 20 ақпан күні Ш.Мұртаза, 29 мекенжайында болған.

Қызыл жалын шарпыған аумақ 15 шаршы метрді құрайды. Өрт 3:54-те ауыздықталып, сағат 4:03-те сөндірілді.

Өрт сөндіру барысында екі адамның денесі анықталды. Алдын ала болжам бойынша, бұл үй жалға берілген. Аталған істің материалдары Медеу аудандық Полиция басқармасының бөліміне жіберілді, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға