Жаңалықтар

Смайылов МАЭК-тегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

Смайылов МАЭК-тегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты
Фото: t.me/KZgovernment 05.07.2023 14:10 656

Премьер-министр Әлихан Смайылов Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексеру үшін Ақтауға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Естеріңізде болса, онда 3 шілде күні апаттық жағдайда №1 энергетикалық блоктың жұмысы тоқтап қалған болатын.

МАЭК Ақтау қаласының және Маңғыстау облысының басқа да елді мекендерінің тұрғындарын электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етеді.

Оқи отырыңыз:

Сондай-ақ кәсіпорынның тұщыландыру кешені ауыз су, ыстық және техникалық су береді.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, комбинатты аралау барысында Әлихан Смайылов Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен «МАЭК» ЖШС бас директоры Жасұлан Сүйіншәлиевтің ЖЭС-тегі қазіргі ахуал туралы, сондай-ақ болған апаттың салдарын жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндамаларын тыңдады.

Жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізіліп жатқаны атап өтілді. 7 шілдеде энергия блогын толық жұмыс режиміне шығару жоспарланып отыр.

Премьер-министр МАЭК-тің энергетикалық жабдықтарының тозуынан жабдықтар жиі істен шығып, апатты жағдайларға әкелетінін атап өтті. 3 шілдеде №1 энергоблоктың тоқтап қалуы салдарынан Маңғыстау және Атырау облыстарындағы нысандар жарықсыз қалды.

Үкімет энергетикалық жабдықтарды жаңғырту үшін 4,9 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл кәсіпорын жұмысының тұрақтылығын арттырады. Әкімдік барлық өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысын тез арада қалпына келтіруі қажет, – деді Әлихан Смайылов. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға