Жаңалықтар

Смайылов: Мұнай өңдеу зауыттарын тоқтату туралы алыпқашпа әңгімелер шындыққа жанаспайды

Смайылов: Мұнай өңдеу зауыттарын тоқтату туралы алыпқашпа әңгімелер шындыққа жанаспайды
Фото: primeminister.kz 04.07.2023 11:02 1350

Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов Ақтаудағы апатты жағдайға байланысты бірқатар шара қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл ретте премьер-министр Әлихан Смайылов Ақтаудағы энергокомбинатта апатты жағдайда автоматты қорғау жүйесі іске қосылғанын және қазіргі таңда энергиямен қамтамасыз ету қалпына келтірілуде екенін тілге тиек етті.

Бұл аймақтардың энергия жүйесі Батыс энергетикалық құраммен біріктірілген. Атырау мұнай өңдеу зауытында технологиялық ахаулар анықталған жоқ. Зауыттың жұмысын қауіпсіз тоқтату үшін дер кезінде шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта зауыт басқа кәсіпорындар сияқты өз жұмысын қалпына келтіруде. Ешқандай жанар-жағармай тапшылығы болмайтынын атап өткім келеді. Қолда бар отын қоры бүкіл республикаға жетеді, – деді Үкімет басшысы.

Оқи отырыңыз:

Сондай-ақ ол барлық мұнай өңдеу зауыттарын тоқтату туралы алыпқашпа әңгімелер шындыққа жанаспайтынын айтты.

Жағдай бақылауда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес премьер-министрдің төрағалығымен апаттың себептерін тексеру үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Кінәлілер жауапқа тартылады. Қазіргі таңда кәсіпорындарды қалыпқа келтіріп, тұтынушыларды электр энергиясымен толығымен қамтамасыз ету керек, – деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы бұл бағытта мына мәселерді қабылдау қажеттігін айтты.

Маңғыстау облысының әкімдігі қолданыстағы МАЭК жабдықтарын іске қосу және жаңғырту жөнінде шаралар қабылдау және Энергетика министрлігі KEGOC-пен бірлесіп, Батыс энергия торабының тиісті жұмысын қамтамасыз етуі қажет. Сондай-ақ, Энергетика министрлігі ІІМ мен және Бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірге алып-сату және жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын туғызу фактілерінің жолын кесуі тиіс, – деп атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға