Жаңалықтар

Шуда он жастағы 2 бала кәріз суына батып, көз жұмды

Шуда он жастағы 2 бала кәріз суына батып, көз жұмды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 28.07.2023 11:14 693

Шу қаласында 2 бірдей бала кәріз суына батып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Марқұмдардың ата-аналары қауіпті жердің қоршалмай тұрғанына наразы. Қайғылы оқиға айдың басында болса да, әлі күнге дейін қауіпсіздікке қатысты ешқандай қарекет көрмедік деп шағымын жеткізді.

Оқи отырыңыз:

Қайғылы оқиға 9 шілде күні Шу қаласында кәріз суы жиналатын жерде болған. 10 жасар 3 бала ойнап жүріп, құстарды ұстаймыз деп төбешікке шыққан. Алайда, біреуінің аяғы тайып суға кетеді. Екіншісі құтқарамын деп ол да артынан суға батып кеткен. Көмекті шақырған үшінші бала. Қала тұрғыны жетіп келгенде бүлдіршіндердің денесі судың бетінде қалқып жатқан. Дәм-тұзы небәрі 10 жасында таусылған Айбектің анасы бұған жергілікті шенеуніктерді кінәлайды. Қауіпсіздік талаптары сақталғанда, бұлай қайғылы жағдай болмас еді дейді.

Әлі күнге дейін ешкімнен ешқандай әрекет жоқ. Тым болмаса тор қойсыншы деп сұрағанмын. Алайда әлі әрекет. Ешбір ананы баласымен сынамасын. Кеше жүрген балам бүгін жоқ. Енді осындай жағдай қайталанбайтынына кім кепілдік бере алады, - деді А.Сағымбайдың анасы Света Шалбаева.

Қайғыдан қан жұтқан Айбектік анасы нысанның әлі күнге дейін не үшін қадағалаусыз тұрғанын түсінбейді. Ал, тәртіп сақшылары 2 баланың өліміне қатысты тергеудің әлі жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Аталған дерекке қатысты адам өлімі бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданатын болады. Тергеу әрекеттері әзірге жалғасуда, - деді Жамбыл облысы ПД ресми өкілі Құндыз Бөгенбаева.

Ал, балаларынан айырылған екі отбасының ендігі жалғыз тілегі - қауіпті судың қоршалғаны немесе түбегейлі жабылғаны.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға