Жаңалықтар

Сирия астанасында жойқын жарылыс болды

Сирия астанасында жойқын жарылыс болды
Фото: © AFP 28.07.2023 09:12 594

Сирия астанасы Дамаск қаласының маңында жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Салдарынан 6 адам қаза тауып, тағы 46 адам әртүрлі деңгейде жарақат алған.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, шаһардағы көшелердің бірінде мотоциклге орнатылған жарылғыш зат іске қосылған.

Оқиға орнына шұғыл түрде 11 жедел жәрдем көлігі жеткен.

Осылайша, кейінгі екі тәулікте осымен екінші жарылыс тіркелген. Бұған дейін, 25 шілдеде миналанған мотоцикл жарылып, салдарынан екі адам жарақат алғандығы хабарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға