Жаңалықтар

Шакира мен баскетбол жұлдызы көпшіліктің көзіне түсті

Шакира мен баскетбол жұлдызы көпшіліктің көзіне түсті
Фото: instagram.com/shakira / instagram.com/jimmybutler 17.07.2023 17:19 719

«Майами» жұлдызы Джимми Батлер мен колумбиялық әнші Шакира кездесіп жүргені туралы әңгіме тарады, дегенмен өздері бұл ақпаратты әлі растаған жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

US Weekly мәліметінше, 46 жастағы Шакира мен 33 жастағы Батлерді папарацци осы аптада Лондондағы Novikov Restaurant & Bar мейрамханасында бірге байқаған. Әнші ғимараттан спортшының қарауылымен шықса, бірнеше минуттан соң Батлер де осы мейрамханадан шыққан.

Дереккөз екеуінің арасындағы 13 жас айырмашылығына әнші де, спортшы да уайым жемейтінін айтады.

Шакира бұған дейін каталониялық футболшы Жерар Пикемен ажырасқаны белгілі болды. Осыдан соң әлеуметтік желіде «Формула 1» жарысының жеті дүркін чемпионы Льюис Хэмилтонның колумбиялық әнші Шакирамен бірге түскен суреті тарады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға