Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде Шакира мен Хэмилтонның бірге түскен суреті тарады

Әлеуметтік желіде Шакира мен Хэмилтонның бірге түскен суреті тарады
Фото: twitter.com/shakirastuff_ 06.06.2023 16:18 904

Әлеуметтік желіде «Формула 1» жарысының жеті дүркін чемпионы Льюис Хэмилтонның колумбиялық әнші Шакирамен бірге түскен суреті тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

46 жастағы әнші Instagram-да «Формула-1» жарысына барған суретін жариялады. Аламан демалыс күндері Барселонада өтті. Оның қорытындысы бойынша 38 жастағы британиялық Льюис Хэмилтон Макс Ферстаппеннен кейінгі екінші сатыға жайғасты.

Барселонаға оралғаныма қуаныштымын, - деп жазды Шакира.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Shakira (@shakira)

Осыдан соң Шакира мен Хэмилтон Барселонадағы мейрамханалардың бірінде суретке түскен.

Бұл екеуінің қарым-қатынасы туралы әңгіме осыдан біраз бұрын тарай бастады. 

Естеріңізге сала кетейік, Шакира былтыр «Барселонаның» бұрынғы футболшысы Жерар Пикемен айырылысты. Екеуі 2011 жылдан бері бірге болған. Екеуінің екі баласы бар.

Ал Пике қазір КлараЧиа Мартимен кездеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға