Жаңалықтар

Сербиядағы турнирде бақ сынайтын қазақстандық боксшылар белгілі болды

Сербиядағы турнирде бақ сынайтын қазақстандық боксшылар белгілі болды
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan 13.03.2024 22:00 500

Сербияда өтетін турнирде Қазақстан атынан бақ сынайтын спортшылар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Бокс федерациясына сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы басталды. Әлемнің 16 елінен 106 боксшы қатысатын халықаралық турнирде Қазақстанның 12 боксшысы бақ сынайды. 

“Belgrade winner” турниріне қатысатын Қазақстан боксшылары:

48 келі: Ернұр Қайрат
51 келі: Санжар Тәшкенбай
54 келі: Дәулет Молдашев
57 келі: Оразбек Асылкулов
60 келі: Бейбарыс Жексен
63,5 келі: Ерасыл Таңқай
71 келі: Сабыржан Аққалықов
75 келі: Диас Молжігітов
80 келі: Ерасыл Жакпеков
86 келі: Темірлан Мұқатаев
92 келі: Данияр Рахымбердинов
+91 келі: Олжас Боқаев

Жаттықтырушылар: Ғани Әшкеев, Талғатбек Жақпеков, Бағдат Оңғарбеков, Нұржан Насанов.

Айта кетейік, байрақты бәсеке 17 наурызға дейін жалғасады.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға