Жаңалықтар

Сенаторлар Шымкентке жұмыс сапарымен барды

Сенаторлар Шымкентке жұмыс сапарымен барды
Фото: instagram.com/maslihat_shymkent 04.01.2024 20:47 1187

Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбаров Шымкентке арнайы іссапармен барып, жергілікті мәслихат депутаттары және ардагерлермен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жиынды Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов жүргізді. Кездесуде  депутаттар мен ардагерлер тарапынан бірнеше өзекті сауалдар қойылып, шешу жолдары талқыланды. Атап айтар болсақ, әлеуметтік, ауылшаруашылық, тұрғын үй, кәсіпкерлік, сонымен қатар қаламыздағы бірнеше басым бағыттар бойынша сауалдар қойылды. Өз кезегінде сенаторлар Парламент Жоғарғы палатасының осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарын және қабылданған заңдардың маңызы туралы егжей тегжейлі хабардар етті.

Жиында Сенат депутаттары үшінші мегаполисте тағы бір оңалту орталығы салынатынын және оған мемлекет тарапынан қаржы бөлінетінін алға тартты.

Оқи отырыңыз: 

Қалалық мәслихаттың мәліметінше, бұдан өзге жиында жергілікті депутаттар мен кездесуге қатысушылар тарапынан сот саласындағы кейбір заңдарды қайта қарау, әлеуметтік сала, тарифтерді теңестіру мәселелері бойынша және шекарадағы өткізу пунктері туралы мәселелерге қатысты қажетті заң нормаларға өзгеріс енгізу мәселесі де көтерілді.

Сенаторлар Нұрлан Бекназаров және Айгүл Қапбарова кездесуде көтерілген сауалдар мен ұсыныстарды жан-жақты қарап, мәселелерді толықтай зерделегеннен кейін жұмыс барысында шешуге ықпал ететіндіктерін жеткізді. Сонымен қатар мәслихат депутаттарына осы бағытта кешенді шараларды іске асыру үшін жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға