Жаңалықтар

Сенаторлар Халықаралық Түркі академиясының басшылығымен кездесті

Сенаторлар Халықаралық Түркі академиясының басшылығымен кездесті
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі 06.12.2023 20:23 352

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Халықаралық Түркі академиясының басшылығымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сапар барысында сенаторлар Академияның мұражайы және кітапханасын аралады. Кездесуде түркітілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелері талқыланды. Комитет хатшысы Дархан Қыдырәлі академияның түркітілдес мемлекеттер интеграциясындағы жоғары рөлін атап өтті.

Өз кезегінде Академия өкілдері сенаторларға ұйымның қызметі мен жұмыс жоспарлары туралы айтып берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға