Жаңалықтар

Сенат спикері рәміздер күніне орай көпшілікті құттықтады

Сенат спикері рәміздер күніне орай көпшілікті құттықтады
Фото: akorda.kz 04.06.2023 14:56 570

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ел халқын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазба жариялаған Жоғары палата спикері рәміздерге тоқталып, басты құндығымыз екендігін атады.

Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ту, Елтаңба, Әнұран – әрдайым халқымызды бірлікке шақыратын, әрбір қазақстандықтың айбынын асырып, рухын асқақтататын ең асыл құндылықтарымыздың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш пен жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы! Шын мәнінде, егемен елдіктің нышаны саналатын рәміздеріміздің қадір-қасиетін өскелең ұрпақтың санасына бала жастан сіңірудің берері мол. Бұл, түптеп келгенде, жастарымыздың отаншыл болып қалыптасуына үлкен үлесін қосады. Сондықтан бұл күнді кеңінен атап өту, оны дәріптеу айрықша мәнге ие. Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа амандық, береке-бірлік және ырыс-несібе тілеймін! Әнұранымыз әуелеп, Елтаңбамыз төрден түспей, Байрағымыз биікте желбірей берсін! Тәуелсіз Қазақ елі мәңгі жасасын! - деді Мәулен Әшімбаев. 

Бұған дейін Қазақстан халқын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтаған болатын

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға