Жаңалықтар

Мемлекет басшысы рәміздер күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы рәміздер күнімен құттықтады
Фото: akorda.kz 04.06.2023 10:25 910

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күніне орай қазақстандықтарды Twitter парақшасында құттықтады,  деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Айтулы күнге орай жазба жариялаған Президент қастерлі рәміздерді ұлықтау әр азаматтың міндетіне екенін атаған.

Барша отандасымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы! - деп жазылған құттықтауда.

Мемлекет басшысы рәміздер күнімен құттықтады

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға