Жаңалықтар

Семей орманындағы алапат өрт арада бір ай өткенде толық сөндірілді

Семей орманындағы алапат өрт арада бір ай өткенде толық сөндірілді
Фото: El.kz 13.07.2023 17:00 736

«Семей орманы» резерваты бүгін сағат 13.00-де Абай облысы Бородулиха ауданындағы орман өрті толығымен сөндірілгенін мәлімдеді. Жалын шарпыған аумақ - 60 мың гектар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тартылған күш-құралдардың көмегімен бұл өрт 14 маусым сағат 21:00-де оқшауланған болатын.

Бұған дейін айтылғандай, өрт оқшауланып, ТЖМ мамандары кеткен сәттен бастап орман қайта өртенбес үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман өрт стансалары кезекшілік ұйымдастырды.

Оқи отырыңыз:

Өрттің бүкіл периметрінде патрульдеу жүргізілді.

Өрт көлемі одан әрі ұлғаймай, таралуы тоқтағаннан кейін ғана оның оқшауланғаны хабарланады.

Бұл ретте өрттің қайта тұтануына жол бермес үшін бүкіл шаралар қабылданып, жануы тоқтаған кезде өрт сөндірілді деп есептеледі.

Еске сала кетейік, 14 орманшы Семей орманындағы өртті сөндіріп жүріп мерт болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға