Жаңалықтар

Сайлау-2023: 165 халықаралық байқаушы тіркеуден өтті

Сайлау-2023: 165 халықаралық байқаушы тіркеуден өтті
Фото: El.kz 07.03.2023 10:50 1210

Бұл туралы ОСК кезекті отырысында ОСК хатшысы Мұхтар Ерман мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ОСК хатшысының сөзінше, Халықаралық байқаушы институты ашылғаннан бері 16 шет мемлекет пен 4 халықаралық ұйымнан 165 байқаушы ресми тіркеуден өткен.

"Қазіргі уақытта Сыртқы істер министрлігімен 6 халықаралық ұйымнан 157 байқаушыны тіркеуден өткізу ұсынылған болатын. Атап айтқанда, Әзірбайжан, Армения, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Германия, Грузия, Ирак, Испания Корольдігінен бір байқаушыдан және Мажарстаннан үш байқаушы тағы басқа ұйымдардан аккредиттелді", — деді ол.

Сондай-ақ ол сайлауға қатысатын халықаралық ұйымдардың миссиясы туралы айтты.

"ТМД байқаушылар миссиясы —77, Ұжымды қауіпсіздік туралы шарты ұйымының Парламенттік Ассамблеясы —11, Түркі мемлекеттер ұйымы — 6, Түркі мемлекеттік Парламенттік Ассамблеясы —20, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі —2 және Халықаралық Түркі академиясы —3", — деді ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.

Айта кетейік, бұған дейін ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлауалды теледебат өтетіні туралы айтқан болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға