Жаңалықтар

ОСК сайлауалды теледебатқа қатысушылар тізімін бекітті

ОСК сайлауалды теледебатқа қатысушылар тізімін бекітті
Фото: El.kz 07.03.2023 10:30 1310

Бұл туралы ОСК кезекті 23-ші отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров 16 наурызда теледебат өтетінін айтты. ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыс "Хабар" телеарнасынан көрсетілетінін мәлімдеді.

"Пікірсайысты өткізу тәртібінің регламенті үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде" Партияның тұсаукесері" әр қатысушының өз партиясын ұсыну мақсатында сөйлеген сөзі және "Пікірсайыс сессиясы" деп аталатын екінші турда қатысушылар қарсыластарына бір сұрақ қояды және бір сұраққа жауап береді. Ал екінші кезеңде "Елдің әлеуметтік-экономикалық" оның сайлау бағдарламасы туралы әңгіме және "Сайлсушылардан сұрақ" әр қатысушы аудиторияның бір сұрағына жауап береді. Үшінші "Сайлаушыларға арналған сөз" кезеңінде қатысушылар сайлаушыларға тікелей жүгінеді", — деді ол.

16 наурыз күні «Хабар» арнасында өтетін теледебатқа қатысатындар:

«Amanat» саяси партиясынан – Қошанов Ерлан Жақанұлы,

«Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясынан Дайрабаев Жигули Молдахалықұлы;

«Respulica» партиясынан Қожаназаров Айдарбек Асанұлы;

«Қазақстан халық партиясынан – Ертісбаев Ермұхамед Қабиденұлы;

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан – Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы;

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясынан – Перуашев Азат Тұрлыбекұлы;

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан» - Әуесбаев Нұрлан Сатыпалдыұлы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға