Жаңалықтар

«Самара-Шымкент» тас жолындағы жол апатынан 8 адам зардап шекті

«Самара-Шымкент» тас жолындағы жол апатынан 8 адам зардап шекті
Фото: Әлеуметтік желі 13.03.2024 23:01 573

Ақтөбеде жол апаты болып, 8 адам зардап шекті. Олардың арасында балалар да бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Өлке ауылы маңындағы «Самара-Шымкент» тас жолында болған.

Lada Largus пен Toyota Estima соқтығысып, екі көлік жүргізушісі мен тағы 6 жолаушы зардап шекті. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің бірі – әйел азаматы. Оның жағдайы ауыр.

Полиция мәліметінше, соқтығысқан екі көлік жүргізуші де бұған дейін жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға