Жаңалықтар

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам көз жұмды

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам көз жұмды
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД 06.03.2024 12:17 1457

Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам көз жұмды. Қайғылы оқиға Ақтөбе - Астрахань тас жолындағы Теміркөпір станциясына жақын жерде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8:36-да «Ларгус» және «Хайлакс» көліктері соқтығысып, алғашқы толықтай өртеніп кеткен. Салдарынан 8 адам қайтыс болды, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді.

Қайтыс болғандардың жеке бастары анықталуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға